Жаңалықтар

Украинадағы ахуал алаңдатады

Иә, ақпанның 21-і күні РФ-ның президенті Владимир ПУТИН Донецк және Луганск халықтық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Мойындау туралы Жарлық пен аталған екі мемлекетпен қызметтестік және өзара көмек туралы келісім-шартқа тікелей эфир арқылы қол қойылды. Ал, ақпанның 23-і күні Ресейдің Украинадағы елшілік өкілдерін қайтарып алғаны туралы хабарланды.

Бұл туралы басқа елдер не ойлайды?

Көптеген сарапшылардың болжағанындай, Донецк мен Луганск республикаларының тәуелсіздігін мойындау көптеген елдердің ренішін туғызуға және қатаң санкциялар енгізілуіне әкеліп соқтырды. Соның ішінде АҚШ мұндай оқиғаға күні бұрын дайындалып, санкция салуға дайын отырды. Джо Байден ДХР мен ЛХР арасындағы сауда және инвестиция туралы санкцияға, бұған қоса ол республикалармен байланысты мүліктерді бұғаттауға қол қойып үлгерді. Сол сияқты АҚШ егер Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда енгізілуі мүмкін шаралар топтамасын да дайындап қойды. Бұл шараларға Канада да қосылып, қатаң санкциялар енгізетінін жариялады.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Ресейдің Донецк және Луганск халықтық республикаларын тәуелсіз деп тануын «халықаралық құқықты көпе-көрінеу бұзу» деп бағалады. Қазір Лондон да Ресейге қатысты жаңа санкциялар енгізуге дайындалуда.

Германия СІМ Путиннің шешімін халықаралық құқықты өрескел бұзу және «әлемдегі бейбіт реттеулердің дипломатиялық күш-қуатына ауыр соққы» болғандығын атап өтті. Ведомства басшысы Аннелена Бербок РФ-ның мойындау туралы шешімін қайтып алуға шақырды. Егер оған көнбеген жағдайда Германия және оның серіктес елдері халықаралық құқық бұзудың мұндай түріне жол беріп қарап отырмайтындығын ескертті.

Франция президенті Эммануэль Макрон да Ресейдің бұл шешімін Украинаның халықаралық міндеттемесі мен егемендігін өрескел бұзушылыққа балайды. Ол «еуропалық нақты санкция» енгізуге шақырды.

Польша премьері Ресей президентінің сөзінен соң елде енгізілген кибер қауіпсіздік режімін үшейте түсуді тапсырды. Сол сияқты Матеуш Моравецкий ЕО мәжілісін өткізуге шақырып, санкциялармен жауап беру қажеттігін мәлімдеді. Путин қол қойған Жарлықты ол «Келіссөзден түбегейлі бас тарту және халықаралық құқықты өрескел бұзушылық» деп атады.

International Law Flags of Nations

ДХР мен ЛХР мойындау туралы шешімді Молдавия, Нидерланды, Қазақстан, Финляндия және Румыния да айыптады. Сербия президенті Александр Фучич Ресейге қарсы санкцияларды қолдау туралы «қоңырау түскендігін» айтады. Украинаның тұтастығын бұзуды Грузия да қолдаған жоқ. Ел президенті «Бұл республикалардың тәуелсіздігін тану туралы шешім біздің аумағымыздың 20 пайызын басып алғандағы сценарийді қайталау болып отыр» деді.

Ал, РФ президентінің шешімін Оңтүстік Осетия мен Абхазия қызу қолдады. Бұлар ішінара танылған мемлекеттер қатарына жатады. Нақты айтатын болсақ, Абхазия басшысы Аслан Бжания «Путиннің жарлығы геосаяси нақтылықпен пара-пар бағалауға негізделген әділетті шешім, ол заманауи қауіптер мен қатерлерге сәйкес құжат» деп бағалады. Мұндай әділетті шешімді Донецк мен Луганск республикаларының өздерінің басшыларының да қолдайтындығы сөзсіз. ДХР басшысы Денис Пушилин Путинге осындай шешімі үшін алғысын айтып, республиканы тануды әділеттілік пен шындықты қалпына келтіретін тарихи сәт деп атап өтті.

Бұл шешімді қуана құптағандар қатарында Сирия да бар екендігін айта кету керек.

Халықаралық қауымдастықтардың пікірлері не дейді?

Халықаралық ұйымдар мен одақтар да Ресейдің ДХР мен ЛХР-ның тәуелсіздігін мойындағанын айыптап отыр.

Евроодақ (ЕО) Ресейдің ДХР мен ЛХР-ның тәуелсіздігін мойындауын халықаралық құқықты және Минск келісімін бұзу деп санайды.

Мұндай пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының (ООН) бас хатшысы да білдірді. Бұл ұйым басшысы Путиннің сөзінен соң «жағдайға қатысы бар тараптардың барлығының» әскери әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

Еуропадағы Қауіпсіздік пен Қызметтестік Ұйымының (ОБСЕ) қызмет үстіндегі төрағасы Путиннің шешімін қолдаған жоқ, Ресейге Украинаға баса көктеп кіруден бас тартуды және «халықаралық қатынас үшін ұзақ мерзімдік зардап болатындығын ескеруді» қажет деп тапты.

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ПАСЕ) Ресейді өзінің шешімін қайтып алуға, ДХР мен ЛХР туралы даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге шақырды. ПАСЕ бұл мәселені төтенше тәртіппен, оның ішінде Берлиндегі Тұрақты комитетте 11 наурызда қарауды ұсынбақ.

Солтүстік Альянсы (НАТО) бас хытшысының пікірінше Путиннің Жарлығы Украинаның аумақ тұастығына нұқсан келтіреді. Соған байланысты Ресейдің мәселені бейбіт желмен шешуі және «өзінің халықаралық мәндеттемелеріне сәйкес Украинадан әскерін әкетуі қажет».

Украинаның өзі не ойлайды?

Владимир Путиннің сөзінен соң президент Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің мәжілісін жедел шақырды.

Біз ештеңеден де, ешкімнен де қорықпаймыз. Біз ешкімге де, ештеңеге де қарыздар емеспіз. Біз ешкімге де, ештеңе де бермейміз, – деп мәлімдеді Украина президенті.

Ол сонымен қоса Ресейдің мәлімдемесіне қарамастан, Украинаның аумағының шекарасы бұрынғысынша қалатындығын нық сеніммен атап өтті.

Президенттен соң Украина СІМ Ресейге қарсы «ауыртпалығы басым» санкция енгізуді қолдайтындығын білдірді. Киевтің пікірінше Путиннің шешімі Украинаны арандатуға жасалған әрекет қана – ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындау туралы шешімнің ешқандай құқықтық салдары жоқ. Сол сияқты Украина СІМ шешім шығару үшін дипломатиялық қатынас қажеттігін мәлімдеді.

Бейсенбі күні таңертең Ресей Президенті Владимир Путин арнайы әскери операцияның басталғанын жария еткен соң, ДХР мен ЛХР-на қарулы күштерін енгізіп, Украинаның қалаларын атқылай бастады. Екі арасындағы дипломатиялық қатынас үзіліп, Украина елде төтенше жағдай жариялады.

Батыс елдері Ресейдің бұл әрекетін айыптап, ең ауыр санкцияларды енгізуге кірісе бастады. Ондай санкцияларға Жапония мен Оңтүстік Корея да қосылды.

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ.

Басқа материалдар

Back to top button