Жаңалықтар

Қарағанды облысында 17 мыңға жуық бала 1-ші сыныпқа барады

Қарағанды облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау жұмысы аяқталды. Биыл 17 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Құжат қабылданған 4 айда 17 мың өтініш қабылданды, оның 82%-ы электронды форматта. Балалардың 53% қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылданды. Қазақ тілінде білім алатын сыныптардың басым бөлігі Ақтоғай (94,6 %), Қарқаралы (88,5 %), Шет (88,2 %) аудандарында және Приозерск (78,8 %) пен Балқаш (76%) қалаларында», – делінген хабарламада.

1-сынып оқушылары Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында және Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Шет аудандарында көп тіркелді.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button