Жаңалықтар

Далалық оқу-жаттығу жиыны өтуде

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде әскери міндеттілердің далалық оқу-жаттығу жиыны басталды. Жиынға қатысу үшін Балқаш қаласынан келіп жеткен алғашқы лекті Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Жасұлан Абеков  күтіп алды.
«Сарышаған» оқу-жаттығу полигонында далалық оқу-жиынына арналып, уақытша шатыр қалашығы жасақталған. Онда жатын орын, демалыс бөлмесі, тамақтану орны, жуыну бөлмесі т.б. орналасқан.

Бір айлық оқу-жаттығу оқу-жаттығу жиынына Қарағанды облысының барлық аудандарынан 150-ден астам әскери міндетті тартылып отыр.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан ЖҰМАШҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button