Жаңалықтар

Бас жүлде – «Орталықта»

Нұр-Сұлтан шаһарында ҚР Ұлттық Ұланы әскери оркестрлерінің IX «Әскери керней» фестивалі өтті. Ұлттық Ұлан академиясының әскери оркестрі, «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының құрама әскери оркестрлері қатысқан фестивальден капитан Станислав ҚҰДАБАЕВ бастаған «Орталық» өңірлік қолбасшылығының құрама оркестрі үздік өнер көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды.

Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған фестиваль Ұлттық Ұланның елордалық 5573 әскери бөлімі аумағында бастау алғанын атап өткен жөн.

«Әскери керней» қатысушылары қазақ хандығы дәуірінен бастап, әлемдік заманауи кең тараған музыкалық композицияларды шебер орындап, тыңғылықты дайындалып келгенін көрсетті.
Атап айтсақ, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының құрама оркестрі американдық орындаушылардың LMFAO-Party Rock хитін әуелете орындап, елорда тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Нағыз өз саласының шебері екендіктерін дәлелдеді.
– Фестиваль халықтың, әскери қызметшілердің, жалпы тыңдаушылардың рухын көтеру, сондай-ақ еліміздің өскелең ұрпағын патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады. Бүгін біз елорда тұрғындарына және бөлімнің жеке құрамына арнап, тұрғындардың әскери музыка өнерімен танысып, ерекше ләззат алуы үшін өнер көрсеттік, – дейді әскери дирижер Станислав Құдабаев.
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Ұлттық Ұланның елордалық жедел құрамасы аумағында өтті.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button