Жаңалықтар

«Қазақмыс» экологияға қамқорлықты күшейтпек

Жерден кен алып отырған аймақта экология – басты назарда. Осы мәселе бойынша Қарағанды облысы бойынша
экология департаменті ZOOM платформасы арқылы Kazakhmys корпорациясының басшылығымен Kazakhmys корпорациясының қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және табиғатты қорғау іс-шараларын орындау» тақырыбында онлайн-кездесу ұйымдастырды. Онда қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және табиғатты қорғау іс-шараларын орындау бойынша мәселелер талқыланды.


Шараға «Қазақмыстың» өндірістік кәсіпорындарының басшылары, Жезқазған және Балқаш қалаларының әкімдіктері, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылары, экологтар қатысты.
Кездесуде газдандыру мәселесі де сөз болды. «Кәсіпорынды газдандыру стратегиясы әзірленді, оның аясында қазандықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру көзделген, бұл үшін шамамен 7 жыл қажет. Жезқазған мыс қорыту зауыты қалалық газ тарататын магистральге қосылуға 100 пайыз дайын», – деді Нұрахмет Нұриев.
Сонымен қатар, жиында KAZAKHMYS ENERGY және Топардағы ГРЭС объектілерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Жиында корпорация басшылығы «Қазақмыс» өндірістік объектілерінде қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және табиғатты қорғау іс-шараларын орындау бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті.
Kazakhmys Smelting ЖШС бас директоры Нұрахмет Нұриев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсерін барыншаазайту компанияның басым бағыты екенін жеткізді.
– Соңғы бес жылда Kazakhmys Smelting кәсіпорындарында қоршаған ортаны қорғау туралы 7,4 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыға 140 арнайы шара өткізді, – деді ол.

Осы жылдың наурыз айында Жезқазған қаласында өткен қоғамдық экологиялық тыңдауда Жезқазған мен Балқаштағы мыс қорыту зауытында жаңа күкірт қышқылы цехтарын салу туралы мәселе басты тақырып болған еді.

Жұмыс істеп тұрған күкірт қышқылы цехындағы сапасы сын көтермейтін және тозығы жеткен технологиялық жабдықтар күкіртті ангидриттан бөлінген түтін газын толық тазалауды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан, 2019 жылы жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын бастап, 2022 жылы пайдалануға беру арқылы мыс қорыту зауытын жаңғырту жоспары жасалған. Өкінішке қарай, қоршаған ортада қалыптасқан күрделі ахуалды айтарлықтай оңалтуға бағытталған бағдарлама белгіленген уақытта жүзеге аспай қалды.

Ең басты себебі – әлемді әбігерге салған COVID-19 коронавирус індеті. Ресейлік «Промстрой Инжиниринг» компаниясы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін 2019 жылы жасағанымен, тосыннан киліккен кесел шетелдік серіктестер уақытында технологияны пысықтап, тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жүргізуіне кедергі келтірді. Кейін Экологиялық кодекске енгізілген жаңа ережелер мен талаптар табиғат қорғау қызметі мен табиғи игілікті пайдалану ісіне тың тұрғыда қарауды алға тартты.

Бүгінде барлық талаптар мен жүргізілген іздестіру жұмыстарына сүйеніп, жобаны жүзеге асырудың жаңа мерзімі айқындалды. Жаңа күкірт қышқылы цехын 2025 жылы қатарға қосу көзделіп отыр. Алдағы жылы үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, өндірістің жобалық-сметалық құжатын жасау аяқталады. Алдын ала жасалған есепке қарағанда, нысан құрылысына 100-120 млн. доллар шамасында қаражат жұмсалады. Жоба жүзеге асқанда күкірт диоксидінің (еселенген тотық) ауаға тарайтын мөлшері 2026 жылы екі еседей (49%) кемиді.
Кездесуде газдандыру мәселесі де сөз болды. «Кәсіпорынды газдандыру стратегиясы әзірленді, оның аясында қазандықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру көзделген, бұл үшін шамамен 7 жыл қажет. Жезқазған мыс қорыту зауыты қалалық газ тарататын магистральге қосылуға 100 пайыз дайын», – деді Нұрахмет Нұриев.
Ал, тағы да бір ауаны тазартуға арналаған экожоба – тал егу. Биыл Балқашта 3 750 шыбық егу жоспарланған. Көктемде оның 2 100-і отырғызылған. Қосымша 1650 тал күзде отырғызылмақ. «Суару туралы да сөз көп қозғалады. Біз көктемде отырғызған 2 100 талдың көбісі жерсінді. Оларды уақытылы суарып отырмыз», – дейді KazakhmysSmelting ЖШС бас директоры. Сонымен қатар, Жезқазған қаласының аумағында да топырағы құнарлы деген жерлерге тал отырғызу жұмыстары жүріп жатыр.
Ал, Kazakhmys корпорациясы ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин Kazakhmys өндірістік және инвестициялық шешімдер қабылдағанда компанияны тұрақты дамытудың тұжырымдамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды тиімді және ұқыпты пайдалануға, жалпы экологиялық мәселеге басымдық беретінін айтып өтті.
«Компанияға қарасты әрбір кәсіпорынның басшылығы қоршаған ортаға тигізетін техногендік сипаттағы әсерін, кен өндіру мен мыс алуға қатысты экологиялық тәуекелді терең түсінеді. Соңғы бес жылда 5 млрд-тан астам теңгеге 1321 шара өтті. Биылғы жылға 1 млрд. теңгеден астам қаржыға 190 табиғатты қорғау шарасы бекітілді», – деді ол.

Сонымен қатар, жиында KAZAKHMYS ENERGY және Топардағы ГРЭС объектілерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Жиында корпорация басшылығы «Қазақмыс» өндірістік объектілерінде қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және табиғатты қорғау іс-шараларын орындау бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті.
азайту компанияның басым бағыты екенін жеткізді.
– Соңғы бес жылда Kazakhmys Smelting кәсіпорындарында қоршаған ортаны қорғау туралы 7,4 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыға 140 арнайы шара өткізді, – деді ол.
мәселе басты тақырып болған еді. Жұмыс істеп тұрған күкірт
ахуалды айтарлықтай оңалтуға бағытталған бағдарлама белгіленген уақытта жүзеге аспай қалды.
Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейін Жезқазған қаласындағы ескі Боргезсай қалдық қоймасын қалпына келтіруді толық аяқтау жоспарланып отыр.

Талқылау қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысы Қанат Мұсапарбеков қоршаған ортаны жақсарту және эмиссияларды төмендету мақсатында жаңа экологиялық таза технологияларды енгізуді жалғастыру, жабдықтарды жаңғырту, табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарының толық және тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button