Спорт

66 спортшы паралимпиада ойындарында бақ сынайды

11-30 мамыр аралығында Астана, Алматы және Ақтөбе қаласында Тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Байрақты бәсекеде облыстық мүгедектер спорты мамандандырылған мектебінің төрт спортшысы бақ сынайды. Сонымен қатар, аймақтан 66 спортшы спорттың сегіз түрінен сынға түседі.

Паралимпиада ойындары төрт жылда бір рет өтеді. Биылғы жылы жарысқа қатысушылар 10 спорт түрінен бақ сынайды. Жарысқа 17 облыстан және республикалық маңызы бар үш қаладан 2000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысады деп күтілуде. Ал, облыс құрамасы голболдан мұндай дәрежедегі байқауға алғаш рет қатысып отыр. Осы мақсатта мүгедектер спорт мектебінің спортшылары журналистер үшін ашық жаттығу өткізді. Спорт мектебінде голбол бөлімі 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 30 адам топ бойынша жаттығады. Өткен жылы қарағандылық голбол спортшылары Қазақстан спартакиадасында VII орынға ие болды.

– Голбол – көру қабілеті нашар және зағип адамдарға арналған ойын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін соғыстан зағип болған жандарды оңалту үшін  ойлап табылған. Содан кейін бұл спорт кеңінен таныла бастап, паралимпиадалық спорт түріне айналды. Командада үш адам болады. Қарсыластар допты денесімен жауып, ал, екінші команда гол соғуы шарт. Ойын барысында барлық голболшылар жарық өткізбейтін көзілдірік киіп, құлаққаппен ойнайды, – дейді мүгедектер спорт мектебінің голбол бөлімінің жаттықтырушысы Елена Асланова.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button