Ресми

№66 сайлау учаскесіне сағат 10-ға дейін 500-ге жуық сайлаушы келді

Қарағанды қаласындағы № 66 сайлау учаскесі жұмысын сағат 7.00-де бастады. Аталған сайлау учаскесінде 2686 сайлаушы бар. Сайлаушылар дауыс беретін 7 кабина дайын. Оның 2-еуі қарт адамдарға, 2-еуі мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қалған 3 –еуі жастарға арналған. Барлық санитарлық талаптар толық сақталған. Кабиналар ашық. Яғни, бұрынғыдай перде тартылмаған. «Бұл – ашықтықты қаамтамасыз етеді», – дейді сайлау учаскесінің төрағасы Сайран Нұрсұлтанұлы.


Сайлау учаскесінде 2686 сайлаушы бар. Оның ішінде, 28-і бірінші рет дауыс беруде. 96-сы 80-мен 90 жас аралығында. 196 сайлаушы 70-пен 80 жаста. Біз олардың көпшілігімен сөйлесіп, жағдайы келмейтіндерді анықтадық. Өздері келе алмайтындарға түстен кейін сайлау комиссиясының мүшесі арнайы жіберіледі, – деді сайлау учаскесінің төрағасы.

Алғашқы дауыс берген ардагер 1935 жылы туған қала тұрғыны. Сонымен қатар, алғашқы 5 дауыс берушіге тәттілерден жинақталған арнайы сыйлық табысталды.

Сағат таңғы 10.00 шамасында осы учаскеге келген дауыс берушілердің жалпы үлесі 15 пайызды құрады. Ал, 11.00 сағат кезінде 17 пайызға жетті.

Төраға сайлаушылардың 60 пайызы келеді деген болжам айтады. «Бұл – жаман көрсеткіш емес», дейді ол.

Басқа материалдар

Back to top button