Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы сайланды

Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов — Ұлытау облысы мәслихатының хатшысы

1964 жылы 16 қарашада Жезқазған қаласында туған. Қазақ. Екі жоғары білімі бар. 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен машиналары және кешендері – тау-кен инженері-механик мамандығын иеленді, 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын, Кеңес Армиясы қатарындағы борышын өтеген соң Жезқазған «Қазтүстіметаллжөндеу» басқармасында слесарь болып бастаған. 1992 жылы Кеден органдарына қызмет ауыстырып, осы салада 14 жылдан астам уақыт еңбек етті.

2006 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де экономикалық қауіпсіз департаментінің директоры қызметіне ауысты. Облыстық атқарушы органдарында қызмет етті – Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, Сәтпаев және Жезқазған қалаларының әкімі болды. Қазіргі уақытта «Nur Otan» партиясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

— 2016 жылы VI шақырылымның депутаты, ал 2021 жылы VII шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.

2022 жылдың 8 маусымынан Ұлытау облысының мәслихатының хатшысы

— 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған;

  • 2016 жыл «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»;

  • 2019 жыл партияның ең жоғарғы марапаты «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі;

  • 2020 жыл «Қазақстан Конституциясына 25 жыл».

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Үйленген, балалары және немерелері бар.