Басты тақырыпКоронавирус

Қарағандыда тағы 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қарағанды облысында тағы 6 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар облыс аумағына 18 наурызда ұшып келген. Осымен, аймақта  COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 13-ке жетті.

“Бүгін Қарағандыға 18 наурызда келген 6 студенттің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ұшақ бортында болған жолаушылардың барлығы дер кезінде карантинге алынған. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық”, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 30 наурыз сағат 18:50-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 1 адамның және Алматыда 1 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы алғанда, елімізде  COVID-19 инфекциясын жұқтырған 302 науқас тіркелген.

Басқа материалдар

Back to top button