Бас тақырып

«ҚЫЗЫЛ ТЕРРОР»: адамзат ұмытпауы тиіс

«Күн нұры түсіп жиі алдан, тар дәлізінде түрменің. Кел, тұрғызайық қиялда, армандағыдай үй, керім…». Бұл – Қарлагта жазасын өтеп, азапқа төзбей, осы жерде жаны мәңгілік тыныштық тапқан тұтқын әйел Ирина СТРАХОВСКАЯНЫҢ өлең жолдары. «Үлкен террормен» бетпе-бет келіп, лагерьдегі жан төзгісіз жағдайда келесі секундта, минутта не боларын білмесе де, жаны кеудесінен шығып кеткенге дейін арманынан айырылмаған әр жанның жан толғанысы жатыр бұл өлең жолдарында. Адамзатқа жасалған қастандық құрбандарының санын әлі де дөп басып айту мүмкін емес дейді тарихшылар. 1950 жылдан бері авторлар қайтыс болғандардың санын әртүрлі көрсетіп келеді. Себебі, нақты әрі сенімді құжаттардың жеткіліксіздігі әрі «режим құрбандары» түсінігінің түрлі ауқымда қарастырылуы.
…Саяси айыптаумен сотталғандар, депортацияланғандар, қолдан жасалған аштықтан қырылғандар, «коммунизм» үшін соғыста жанын бергендер, «зиянкестерден тазарту» салдарынан ата-анасы репрессияға ұшырап, өмірге келу мүмкіндігінен айырылған сәбилер… Тарих бәрін тізер болса, 100 миллион адамға жетіп жығылмақ.

 

Тарихшылар И.Сталин зиялылардан бөлек, еркін және тә­уелсіз шаруа да Коммунистік партияға қауіп төндіреді деп қорыққанын жазады. Мәселен, 1926 жылғы халық санағы бой­ынша ауыл халқының үлесі 80 пайыздан асқанда, олар «ка­питалистерді, бай­құлақтарды тудыратын класс» деп қарап, болмашы ақыға жұмыс істей­ тін батырақтарға айналдырды. Бұл тиімсіз болса да сол кездегі колхоз жүйесі билікті ұстап тұруға мүмкіндік берді. Осылайша, репрессияға ұшырап, атылған­ дардың үлесін мемлекеттік қа­уіпсіздік органдарында есепте тұрған қарапайым адамдар – ша­руалар құрады. Қолдан жасалған аштық салдарынан талайы дала­да қырылды.

Бұл туралы «Тұлғатану» ор­талығының директоры Нұрса­хан Бейсенбекова «Анам айтқан естелік» атты естелігінде келтіреді. «…Ел аштықтан қырыла бастады. Әкем мен анам да аштықтан әлсіреді. Мен күні бойына ауылдағы астықты тығып ұстап отырған қойма бас­ шыларының әйелдеріне қолдағы күміс сырға мен сақиналарды та­маққа айырбастап, аздаған нан, ұн әкелемін. Қайсыбірін айтай­ын, өкімет қамбада астық бола тұрса да, бізге бермеді ғой» деп келтіреді автор анасынан естіген естелігін.

Қазақстан алғашқылардың бірі болып «Жаппай саяси қуғын­-сүргін құрбандарын ақ­тау туралы» Заң қабылдағанда бұрынғы Жезқазған облысының прокуратурасының аса маңыз­ ды істер жөніндегі тергеушісі қызметіндегі Берік Ахметов өзге прокурорлармен бірге 60 мыңға тарта істі қарағанын айтады.

 

– Прокурорлар әр істі мұқи­ят қарап, әр парағын зерделеп, ақтау үшін қорытынды бердік. Құжаттарға сүйенер болсақ, об­лыс аумағындағы Жаңаарқа, Шет, бұрынғы Қоңырат – қазіргі Ақтоғай аудандарының, саяси орталық болған Қарқаралы ау­данының тұрғындары көп зар­ дап шекті. Істі оқып отырған­да шынымен денең түршігетін еді. Адамды «алашордалық» деп танып, 25 жылға бас бос­тандығынан айырып, лагерьге жіберу үшін бір ғана сөз жет­кілікті болған, – дейді Берік Мұ­хамеджанұлы.
Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасының 16 тілге аударылуы. «Осының бар­лығы институт ашу үшін мате­риалдық­-техникалық, адами ресурстардың әлеуетінің жеткілікті екенін көрсетті» дейді ғалым.
«Сталиндік «молохтың» құр­баны болған мыңдаған адамдар­дың туыстары мен жақында­рының ризашылығын айтып жеткізу мүмкін емес» екенін айтады Берік Ахметов. Тіпті, жа­засын өтеп, «қанды қасаптың» шеңгелінен аман келгендердің ішінде көзі тірілері де болған.
– Жасы біразға келген ақ­сақал қолына ақталғаны туралы анықтаманы алғанда еңкілдеп тұрып жылады. Небары 16 жа­сында «алашордашылардың ха­баршысы болды» деген жаламен Колымаға жіберілген. Көрер жа­рығы болып, өзімен бірге болған Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының профессоры­ның арқасында тірі қалған екен, – дейді Берік Ахметов сол кезді еске алғанда.

Репрессияға ұшырағандар­ды ақтау жалғаса береді. Бірақ, жоғарыда айтып өткеніміздей, құжаттардағы деректердің нақты болмауына байланысты, олар­дың нақты санын дөп басып айту мүмкін емес.

Мысалы, өткен жылы Қа­зақстан Президенті Қасым-­Жо­март Тоқаев құрған саяси қу­ғын­-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшесі, тарихшы Арайлым Мұ­сағалиева аудандық архивтер­ де қалып қойған құжаттардың бар екенін айтады. Мәселен, тарихшы Теміртау қаласының мемлекеттік архивінен жер ау­ дарылған 83 қазақтың, 10 неміс және 10 орыстың тізімін тапқан. Бұл Қарағанды облысының бұ­рынғы Тельман ауданынан жер аударылғандар. «Туыстары не­ месе жақындары болмауы сал­ дарынан ешкім іздемей, қалып қоя береді. Құжаттар 30 жыл бойы қозғалмаған» дейді Арай­лым Мұсағалиева «Азаттық ра­диосына» берген сұхбатында.
Ақтау демекші, өткен жылы саяси қуғын­-сүргін және ашар­ шылық құрбандарын еске алу мақсатында өткен мәслихатта академик Ханкелді Әбжанов бастаған тарихшы ғалымдар Қа­рағандыда тарихи­-зерттеу ин­ститутын ашу жөнінде ұсыныс айтқан болатын.
– Қуғын-­сүргін құрбандарын ақтауға Президент Жарлығымен құрылған арнайы комиссия жұ­мыс істеп жатыр. Тарихи­-зерттеу институтын ашу республикалық деңгейде қолға алынса, – деген болатын «Тұлғатану» орталығы­ның директоры Нұрсахан Бей­сенбекова сол кезде. Бүгінде ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбековтің басшылығымен институт ашу алдындағы дай­ындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады Нұрсахан Ах­метқызы. Мысалы, ғалымдар бір жыл қатарынан архивтерде жұмыс істеп, жуырда «Орталық Қазақстандағы 1931­-1933 жыл­дардағы ашаршылық, архивтік құжаттар мен естеліктер жи­нағы» атты екі томдық кітаптың тұсауы кесілген. Дайындықтың тағы бірі – Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасының 16 тілге аударылуы. «Осының бар­лығы институт ашу үшін мате­риалдық­-техникалық, адами ре­сурстардың әлеуетінің жеткілікті екенін көрсетті» дейді ғалым.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button