Жаңалықтар

Венгрия елшісі – ҚарУ-де

Бүгін халықаралық ынтымақтастық шеңберінде академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетіне Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Галошфаи келді.


Университет ректоры Нұрлан Дулатбеков өз сөзінде университеттің құрылу тарихына, ғалымдардың жетістіктеріне тоқталды, Венгрияның жоғары оқу орындарымен арадағы ынтымақтастық туралы айта келе, ғылым саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтті. Михай Галошфаи мырза жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, Венгрия жоғары оқу орындарымен академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті арасында тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнайтынына үміттендірді. Сонымен, Елші мырза Обуда университетінің (Будапешт) ІТ- технологиялар саласы бойынша және көп жағынан Қарағанды ​​университетіне ұқсас Печ көпсалалы университетімен (Пен қ.) ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Кездесу барысында Михай Галошфаи мырза университетпен танысты. Қарағанды ​​университеті жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының Археология және этнография мұражайындағы тарих факультетінің оқытушылары мен студенттері тапқан археологиялық жәдігерлер мәртебелі қонақтың ерекше қызығушылығын тудырды. Елші Қазақстан және Венгрия елдерінің тарихы мен мәдениетінде көптеген ұқсастықтар бар екендігін атап өтті, ынтымақтастық қарым-қатынас білім беру саласында ғана емес, сонымен қатар басқа да салалардың жаңаша дамуына түрткі болуы керек деді.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button