Жаңалықтар

6505 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

ҚР Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараның басты ерекшелігі 2004 жылы өзінің Отан алдындағы борышын өтеген жас сарбаздарға арналған болатын. Аталмыш іс-шара аясында, әскери бөлім бойынша экскурсия өткізіліп, қару-жарақ, техникалар көрсетілді.

Сурет 6505 әскери бөлімінен

– Біз үшін бұл іс-шара ерекше болды. Себебі өзім осыдан 20 жыл бұрын Отан алдындағы борышымды осы әскери бөлімде өтедім. Бүгін 20 жылдық өзгерісті өз көзіммен бірге қызмет атқарған қарулас достарымды көріп, көңілім бір көтерілді, – деп атап өтті Қанат Сайлауұлы.

Сондай-ақ аталмыш іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, арнайы қойылымдар көрсетілді. Іс-шара соныңда Отан алдындағы борыштарын бірге өтеген достар естелік суретке түсті.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button