Жаңалықтар

Мұхит МҰХТАРОВ: «Халықтың әл-ауқатын арттыру – негңзгі міндетіміз»

Облыс бойынша Шет өңірі дамудың алдыңғы қатарында десек те болады. Алайда, проблема да жоқ емес. Мәселен, жыр болған Ақшатаудағы ауыз су мәселесі, жұмыссыз жандар барын жасыра алмаймыз. Өз кезегінде тиісті шаралар атқарылып жатқанын алға тартады аудан әкімі Мұхит МҰХТАРОВ. Сонымен қатар, аудан басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауданда былтыр­ ғы жылы атқарылған шараларға, мәдениет, денсаулық, халықтың әлеуметтік әл­ауқатын арттыруға бағытталған жұмыс­ тарға кеңінен тоқталды.

Шет өңірінің жер қойнауы қазба байлықтарға толы екенін білеміз. Биыл өндірістің өнім көлемі ұлғайыпты. Биылғы қаңтар-наурыз айларында 436 млн. теңгенің өнімі өндіріліпті. Былты- рғы жылмен салыстырсақ, 132 млн. теңгеге артқанын байқауға болады. «Нова-Цинк» ЖШС – 12,6 мың тонна мырыш және 3,3 мың тонна қорғасын, «Bapy Mining» ЖШС 312 мың тонна теміркенді қойыртпаны игерген. Ал, «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС 2 590 тонна мыс өндірген. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 301 тоннаға артық. Рас, өткен жылы бұл жоспар межесі орындалмаған еді. Себепті Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдың қиындығымен байланыстырамыз. Бірақ, бұған қарамастан өнеркәсіп саласында өткен жылы 110 жаңа жұмыс орны ашылыпты.
Бүгінгі таңда Ақшатау кентіндегі амоний паравольфраматын өндіретін гидрометаллургиялық зауыт құрылысы, Шет ауылдық округіндегі «Ақмая» кен орнында сирек металдарды байыту-өндірістік кешенін салу, Нұраталды ауылындағы берилий кен байыту комбинатының құрылысы жобаларын іске асыру үшін инвесторларды тарту мен «Кәсіпкерлікті қолдау картасына» енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді аудан басшысы. Егер, бұл жобалар сәтті жүзеге асатын болса, онда аудан қорына 10 млрд. 700 млн. теңгенің инвестициясы құйылмақ, 500-ге жуық жұмыс орны ашылмақ.
Баспана – басты мәселе. Шет аймағы тұрғын үй құрылысының жоспарын асыра орындапты. 9 мың 275 шаршы метр үй салынып, қаңтар-наурыз айларында 1 314 шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған үйді табыстауды жоспарлап отыр аудан басшылығы.
«Ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі шағын бизнес саласын дамытуға арналған несие мен грантты ұтымды үлестіру де күн тәртібіндегі маңызды мәселе» дейді Мұхит Сайлауұлы.
– Былтыр 2 млрд. 500 млн. теңге көлемінде 340 шағын бизнес өкілі несие алып, қаржыландыру көлемі 2020 жылдан 2 есеге артты. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы іске асырылғаннан бастап аудан аумағында 566 млн. теңге көлемінде 13 жоба жүзеге асырылып, 119 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл бұл бағдарлама аясында Батық ауылындағы «Қайрат», Кәрім Мыңбаев ауылдық округіне қарасты «Жорға 1» шаруашылықтары бюджет қаржысына 79 млн. теңгеге электр желісін тарту-монтаждау жұмыстарын жүргізді.Шағын кәсіпкерлік саласын дамытудың тағы бір көзі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен соңғы екі жылда жеңілдетілген несиелендіру арқылы 872 млн. теңгенің 30 жобасы қаржыландырылып, кәсіпкерлікті дамыту жоспарына енгізілген 8 жоба толық іске асырылды. Нәтижесінде, 36 млн. теңге инвестиция құйылып, 11 адамға жаңа жұмыс орны ашылды, – дейді аудан басшысы.
Шет аймағының сайын даласы төрт түлігімен де сәнді. Әкімнің айтуынша, биыл жылқы, сиыр, қой, ешкі саны 163 мыңға жетіпті. Бұл есепке жылқы, сиыр, қой-ешкіңіз кіреді. Сәйкесінше, өнімкөлемі де 56 млрд. теңгеге жеткен. Биыл 1 млрд. 800 млн. теңгеге шаруашылықтар тарапынан 124 ауыл шаруашылығы техникасы мен шет елден 230 асыл тұқымды төрт түлік сатып әкелінді. Красная Поляна ауылдық округінде «Шерубай Су» кәсіпорны 20 мың тонналық сүт қоймасының және Батық ауылындағы «Қайрат» шаруа қожалығы 330 млн. теңгеге сүт фермасының құрылыс жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 60 млн. теңгеге көп жылдан бері көпшілік көптен күткен мал сою цехы «Қайрақты» шаруа қожалығының демеушілігімен салынды. Биыл да 575 шаруашылық 800 млн. теңге көлемінде субсидия алды. Сонымен қатар, осы салаға қатысты Президент пәрменіне сәйкес шаруа қожалық иелерінің пайдаланылмайтын жерлерін мемлекетке қайтару жөнінде жұмыстар жүргізіліп, 8 шаруа қожалығының 10 мың гектар жайылымықайтарылды. Бұған қоса 14 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер телімдері айналымға енгізілді.
Былтыр коммуналдық салаға 1 млрд. 559 млн. теңге қаржы бөлініп, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл да алға қойған жоспар көп дейді.
– Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 21 жобаға республикалық бюджеттен 583 млн. теңге және аудандық бюджеттен 58 млн. теңге бөлініп, Ақжал кентіндегі 19 ішкі көше жолдарын орташа жөндеу, асфальттау жұмыстары жүргізілмекші. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша биылғы жылы 474 млн. теңгеге Бұрма ауылындағы су құбыры желісін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Ақсу-Аюлы ауылында орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы, Ақсу, Қызылқой, Қызылтау, Ақбауыр және Еңбекшіл ауылдарына орталықтандырылған су жүйесін тарту жобалары әзірленуде, – дейді аудан әкімі.
Биыл Ақадыр кентінде жалпы аумағы 1 216 шаршы метрді құрайтын екі 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Ақадыр кентіндегі 24 пәтерлі 5 үйдің, С.Сейфуллин кентінде – 12, Ақсу-Аюлы ауылында 24 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстарын жүргізуге тиісті құжаттар дайындалып, қажетті қаражатқа сұраныс беріліп отыр.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында өткен жылы бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жұмыссыз ретінде тіркелген 1 681 адамның, 758-і тұрақты жұмысқа орналастырылса, 661 адам қоғамдық жұмыстарға тартылыпты. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 105 адам несие алса, жаңа бизнес идеяларын іске асыруға 68 жұмыссызға 39 млн. теңге көлемінде гранттар берілген. Ал, биыл 43 адамға грант беру мен несие аламын деушілерді ынталан- дыру шаралары жалғасын табады. Білім саласы да – басты бақылауда. Өткен жылы 377 млн. теңгеге жоспарланған Ақадыр кентіндегі Әлімхан Ермеков атындағы мектептің жанындағы асхана мен спортзал құрылысы жүріп жатыр. Ақсу-Аюлы ауылындағы 100 орындық интернат құрылысының құжаттары дайындалып, қаржы көздері қарастырылуда. Сондай-ақ, 36 млн. теңгеге Көктіңкөлі ауылдық округі мен Ақшатау кентіндегі орта мектептердің қазандықтарын сыртқа шығарып, модульдік қазандық орнату жұмыстары жүргізілуде.
Биыл ауданның орталық аурухана жанындағы инфекциялық бөлім мен Ақадыр кентіндегі аурухана ғимаратына 517 млн. теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2023 жылға жоспарланған.
– Бүгінгі таңда ел өркениеті мен руханиятының алтын діңгегі саналатын мәдениет саласын өркендетуге де айрықша көңіл бөлінуде. Осы жылы Өспен ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға жергілікті бюжеттен 23 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Мойынты кенті мен Босаға ауылдарындағы мәдениет үйлерін де күрделі жөндеуден өткізу үшін конкурс өтуде.
Мәдениет саласымен қатар, бұқаралық спорт саласын дамыту және тұрғындарымызды салауатты өмір салтына баулу – басты міндеттеріміздің бірі. Бұл бағытта ауданымызда 225 спорттық нысан ел игілігіне қызмет етуде. Былтыр 4 ауылда жасыл төсеніші бар спорт алаңы салынса, 2 ауылда көпсалалы хоккей корты орнатылды және Өспен ауылында дене шынықтыру алаңы салынды. Еліміздің намысын халықаралық, әлемдік додаларда қорғап жүрген аудан спортшылары өткен жылы да толағай табыстарға қол жеткізіп, 16 спортшымыз әлемдік чемпионаттардың алтын, күміс жүлдегерлері атанды, – деді аудан әкімі.
Аудан әкімі баяндамасын қорытындылай келе «халықтың әл-ауқатын арттыру – алдыңғы негізгі міндетіміз» деп, ауданды дамытуда әрі қарай жүйелі жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button