Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісін күткен

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленіскенін күткен. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев айтты. 

«Қайғылы оқиғалар барысында көптеген азамат зардап шекті. Олардың бірқатары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен арандатушылардың ықпалына еріп, қылмыс жасауға барған. Нәтижесінде, мемлекеттік органдардың 71 ғимараты, 700-ден астам автокөлік жойылып зақымдалған. Оның ішінде жедел жәрдем, полиция және өртке қарсы қызметтердің көліктері де бар», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Мұхтар Қожаевтың дерегінше, 1,5 мыңнан астам бизнес нысандары зардап шекті. Оларға аса ірі мөлшерде шығын келтірілді.

«Ең өкініштісі – азаматтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері қаза тапты. Осы салдардың барлығы террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға айып ретінде тағылуы тиіс деп ойлаймыз, Себебі олар дәл осындай зардаптың болуын алдын-ала болжап білген. Сондай-ақ елдегі қалыпты қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісіп, тұрақсыздануын қалаған», – деді департамент бастығының орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button