Жаңалықтар

Жер жаңарып, ел түлей бастады

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған облыстар туралы Жарлыққа қол қойды. Қарағандыдан бір ел енші алып шығып, Ұлытау облысы құрылды. Аты қандай! Заты қандай! Хандарымызды ақ киізге орап, алтын таққа отырғызған киелі жер облыс орталығына айналды! Жер жаңарып, ел қайта түлей бастады!

Бізге ертең емес, бүгін бай-қуатты болатын ел керек! Өз жерінде Менделеевтің күллі элементі бар біздің ел Тәңірінің мейіріне бөленіп, шат-шадыман өмір сүруге әбден лайықты! Қазақ ғаламдағы ең жас халықтардың бірі һіәм бірегейі! Оның материалдық және рухани потенциалы орасан бай! Тәңірі оған Атыраудан – Алтайға дейінгі ұшы-қиырсыз аймақты сыйлаған. Асты да, үсті де – алтын!

Іске сәт! Алға Қазақстан!

ҚАЗАҚ

(ХV-ХХІ ғ.ғ.)

Қу басты – қой!

Жұрттың қамын жегенмін,

Көргеннен соң күйкі түрін мен елдің:

«Малым – жанымның садақасы!

Жаным – арымның садақасы!», –

Дегенмін!

Осы күнге бізді Тәңірі жеткізді.

Жеткізді де, өзіне тәу еткізді.

Мына Дүние сүйген…

Сүйе береді –

Тоныкөктің бір тұяғы деп бізді!

Адамзаттың баласына туа бәйік болғам-ды,

Көздерімнің шарасына,

Түңіліп, –

Қан толған-ды;

Өксігенмін өзіме өзім тең таппай,

Қорғанды да көріп,

Қалың орманды!

Кемел!

Шоң! –

Уытты бір ұрпақ келер менен соң,

Жан-дүнием бекзат нұрға бөленіп:

«Малым – жанымның садақасы!

Жаным – арымның садақасы!», –

Деген соң!!

Шығарды да төріне ылғи тексізді,

Ескі ғасыр есіркеген жоқ бізді.

Арқамызға қонды-дағы аруақ,

Қыл көпірден Алашты Алла өткізді!

Аттан түсіп, сары жұртқа қонғанда,

Жаңа ел келер сол маңда:

«Жаны – малының садақасы,

Ары – жанының садақасы!”-

Болғанда…

Серік АҚСҰҢҚАР,

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Қарағанды облысы

Басқа материалдар

Back to top button