Облыс әкімі Қарағанды тұрғындарымен кездеседі
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қарағандылықтармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2022 жылғы 6 мамыр 14:30-да Бұқар жырау даңғылы, 32 мекен-жайындағы Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Сонан соң жеке қабылдау өтеді.
Кездесудің тікелей эфирін Қарағанды әкімдігінің Instagram-парақшасында, “Сарыарқа” теле- және ютуб-арнасында, сондай-ақ Қарағанды облысының ӨКҚ YouTube каналында және Facebook-те көруге болады.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс күндері (8-7212) 42-57-09 телефоны бойынша 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе 109 нөмірі бойынша (тәулік бойы), сондай-ақ Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығының senim109.kz порталында “облыс әкімімен кездесу үшін” белгісімен қалдыруға болады.