Жаңалықтар

КАРАТЭ төрт алтын, бір күміс

Ашихара-каратэден өткен халықаралық біріншілікте қарағандылық бес жауынгер төрт алтын, бір күміс еншілеп, ел қоржынын еселеді.

Әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өтті. Онда 18 елден мыңнан астам каратэші бақ сынасты.

Қарағанды техникалық университетінің студенті Айдын Самбаев, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушысы Анар Исабекова, Шәкәрім атындағы гимназияның оқушылары Дина Исабекова мен Евангелина Молодушкина алтыннан алқа тағынса, Қарағанды техникалық университетінің тағы бір студенті Арман Райымбеков күміске қол жеткізді.

Осылайша, ел намысын қорғаған жерлестеріміздің жарқын жеңісі жалпы есепте алдыңғы лектен көрінуге үлкен сеп болды. Ел құрамасында 19 алтын, 14 күміс және 9 қола бар. Жеңіс тұғырынан түркиялық спортшылар көрінді. II орынға біздің құрама табан тіресе, Әзербайжан спортшылары үздік үштікке ілінді.

Жеңімпаздар жан-жақты қолдау көрсеткен Қарағанды облысының Ashihara Karate федерациясына шексіз алғысын білдіреді.

Қасымхан ҒАЛЫМ. 

Басқа материалдар

Back to top button