Жаңалықтар

Жаңа Қазақстанды айқындау – жаңа белестердің қайнар көзі

Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы кезек­ті Жолдаулардан өзгеше болғандығы және халқымыз қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді күткендігі хақ. Себебі, еліміз қиын-­қыстау шақты, қатерлі кезеңді басынан өткергендігі баршамызға аян.

«Бүгінгі Жолдаудың мән­-маңызы ай­рықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отыр­ мыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», – деп Мемлекет басшысы Жолдаудың негізгі өзектілігіне тоқталды. «Қаңтар қасіреті» баршамызға үлкен сабақ болды. Еліміздің Тәуелсіздігіне қатер төнді. Осындай қасіретті болдырмау үшін, Ұлы дала өркениетіндегі еліміздің, жеріміздің біртұтастығы үшін, Президентіміз Жаңа Қазақстанды құру жолында баршамыздың алдымызға биік мақсаттар қоя отырып, нақты міндеттерді айқындады.

Жолдауда еліміздің қоғамдық-­саяси мәселелеріне байланысты кең ауқымды жасақтауда аралас, яғни пропорционалды­ мажоритарлық жүйеге көшу. Халқымыздың үлкен ықыласымен қабылдағаны, ол кең байтақ жеріміздің әкімшілік­аумақтық құ­рылымында болатын өзгерістердің енгізілуі. Тамыры терең Жетісу, Ұлы даланың ұлағатты Ордасы – Ұлытау, халқымыздың мақтанышы, әлем өркениетіндегі Ұлы кемеңгер Абай атындағы облыстардың құрылуы туралы шешім елімізді ерекше қуанышқа бөледі.

Азаматтық қоғамның нақты көріністерін айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдары болса, осы мәселеге де Мемлекет басшысы ерекше мән бергендігі белгілі, яғни елімізде еркін ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заман талабына сай жаңа заңды әзірлеп қабылдау.

Қазақстан Республикасының Прези­ денті Қасым­Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығымен 2022 жылдың 29 наурызын­ да, «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-­шаралар жоспары бекітілді.

Алдымызда асқаралы іс­-шаралар­ ды жүзеге асыру жолында үлкен мақсат­-міндеттерімізбен қатар, зор жауапкершіліктер тұрғандығы белгілі. Себебі, алдымызда бүгінгі күннің балалары, ертеңгі күннің даналары шәкірттеріміз тұр. Оларға сапалы

білім беріп, саналы азаматтарды тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Еліміздің бірлігі нығая берсін, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Салауат КЕНТБЕК, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті.

Басқа материалдар

Back to top button