Жаңалықтар

6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні

1991 жылы құрылған прокуратура органдарына биыл – 32 жыл. Бұл мемлекет үшін аз уақыт болғанымен, бір сала мамандарын дайындап, оқу-үйрету тәжірибесін қалыптастыру үшін аз уақыт емес. Жалпы прокуратура органдарына жүктелген міндет пен олардың атқаратын қызмет аясы кең. Осы бар саланы қамтитын прокуратураның күрделі міндеттерінің бірі мемлекеттік айыптауды қолдау саласына тоқталайын.

Сурет: Ашық дереккөз

Заңгер мамандығынан хабары жоқ қарапайым халықтан прокурордың қандай қызмет атқаратынын сұрасаңыз, ол сотта қылмыскерді айыптайтын тұлға екенін айтатынына ешкім дау келтірмейтін шығар.

Себебі халық жаңалықтардан, кинолардан прокурорлардың сотта дау-дамайдың жуан ортасында жүретінін жиі көреді. Олар үшін прокурордың жұмысы сол ғана сияқты көрінуі мүмкін.

Сондықтан да болар, қазіргі кезде мемлекеттік айыптаушыларға Бас прокуратура тарапынан қойылатын талаптарда жоғары және қатаң.

Мемлекеттік айыптаушының біліктілігі мен білімділігі прокуратура органдарының абыройы. Сондықтанда Бас прокуратураның талабымен әр жыл сайын республика көлемінде мемлекеттік айыптаушылар арасында сайыс өткізіледі. Шешен сөйлеу, қылмыстық заңды жетік меңгеру, айыптауды сапалы қолдау жарыстың негізгі талаптары.

Осы талаптар арқылы жұмыс сапасын көтеру, прокурордың халық алдындағы беделін арттыру және жазықсыз сотталу немесе қатаң жазадан сытылып шығуға жол бермеудің сара жолы екені белгілі.

Кейінгі қылмыстық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бірнеше санаттағы қылмыстық істердің Алқабилердің қатысуымен қаралуына жол берілді. Сондықтан кейінгі кезде қылмыстық істердің алқабилердің қатысуымен қаралуы көбейді.

Алқабилер заң маманы емес, қарапайым халық арасынан 25 пен 63 жас аралығындағы, дені сау, сотты болмаған адамдар арасынан құралады. Үкімді қабылдайтында осы тұлғалар.

Осы Алқабилерге қылмыстың орын алғанын, сол қылмысқа сотталушы кінәлі екенін және оған тиісті жаза тағайындау қажеттігін түсіндіріп жеткізу күрделі жұмыс. Тәжірибесіз қызметкерге өте қиын, себебі қорғау тарапы да қарап қалмайтыны және неше алуан айла тәсілмен жазадан құтылуға бар күшін салатыны анық.

Бүгінгі таңда прокуратура органдары мемлекеттік айыптауды сапалы қолдауға бағытталған семинарлар мен қосымша оқу, үйрету шараларын ұйымдастыруда. Заң талаптарын сақтай отырып, топ алдында сөз бастау және табан астында заңды шешім қабылдау сырт көзге ғана оңай.  

Мемлекеттік айыптаушылар (прокурорлар) заң мамандары, ал жасалатын қылмыстар мамандықтардың, кәсіптің әр саласын қамтитынын ескеріп, өткізілген шараларға әр саладағы сарапшылар мен мамандарда шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді, сондықтанда прокуратура саласында көптеген жылдар қызмет атқарған  мамандар өз тәжіриімен жас мемелекттік айыптаушылармен бөлісуде. Әрине аталған шаралар бүгінгі таңда оң нәтиже беруде. Осы жыл Қарағанды облысында бірде-бір ақтау үкімінің шығарлмауы прокурорлардың мемлекеттік айыптауды сапалы қолдайтындығының айғағы.

Келешекте майталман прокурорлардың ізін басқан жас мемлекеттік айыптаушылар соттың заңды шешім қабылдауына дұрыс бағыт, бағдар беретініне сеніммен қараймыз.

Өз әріптестерімді, прокуратура органдарының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, әр басқан қадамдарыңыз табысты, берекелі болсын деген тілек білдіремін.

Медеу ЖАҚАНОВ,
Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі

әділет кеңесшісі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button