ЖаңалықтарҚарағанды

Үлгілі ұстаз

Ұстаз – ұлы тұлға. Ол балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуына ықпал етеді. Баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де ұстаз. Біліктілігін арттырып, үнемі тынбай еңбектенген ұстаз өзінің беделін үнемі биіктете түседі. Біздің балаларымыздың екінші анасына айналған Гүлнар Бозшолақова – сондай тұлға. Ол кісінің болмысы – шәкірттеріне ғана емес, бүкіл әріптестеріне үлгі.

«Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, зерделі мұғалім өз оқушыларының дарыны шыңдалуына аса ынталы. Сондықтан болар, өмірін өскелең ұрпақ тәрбиесіне арнаған жанның мақтан етер шәкірттері де баршылық. Перзенттеріміздің білім айдынына құлаш ұрып, дүниетанымының қалыптасуына дара жол салған ұлағатты ұстазға мәңгілік қарыздармыз.

«Мен болмасам, сіз барсыз, үміт еткен ұрпағым» деп Ы.Алтынсарин айтқандай, болашақ ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болуы үшін тыным таппайтын тағылымы терең тұлғаның қоғамға бергенінен берері мол екені күмәнсіз.

№15 орта мектебінің

4 «Б» сынып ата-аналары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button