Жаңа лава іске қосылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті Т.Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава іске қосылды. Бұған дейін едәуір жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жыл бойы үш ұңғымалық бригада лаваға арналған тазарту учаскесін дайындады. Жабдықты орнатуға үш ай уақыт кеткен.

– Өте жақсы өндіру учаскесі болары даусыз. Кен байыту фабрикалары мен металлургия комбинатына қажет К10 кокстелетін көмірінің қоры, шамамен, 800 мың тонна. Ұжым бұрыннан бері жұмыс істеп келеді. Бұл техникамен бірінші жыл ұшырасып отырған жоқпыз, сондықтан оның сенімді екенін айта аламыз, – деді Т.Күзембаев атындағы шахтаның директоры Сергей Потемкин.

Жаңа лавада механизацияланған Глиник 22-45 кешені, SL300 тазалау комбайны, кенжар конвейері және қырғыш қайта тиегіш және басқа да құрал-жабдықтар орнатылған.

Ұңғымашылардың жұмыс қарқыны – ай сайын 90-100 метр. 5 маусымда 44к10-в лавасын мемлекеттік комиссия қабылдады. Кен өндіру басталды.

Өз тілшімізден.