2023 жылдан бастап 400 мыңнан астам 1-сынып оқушысына планшеттер беріледі

Келесі жылдан бастап алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 400 мыңнан астам оқушыға планшеттер беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

«Біздің ұсыныс: 400 мыңнан астам 1-сынып оқушысын 2023 жылы сервистік модель арқылы планшеттермен қамтамасыз ету», – деді министр.

Айтуынша, шетелге тәуелді болмас үшін оқушыларға отандық планшеттерді сатып алу көзделіп отыр.