Ресми

Салауатты өмір салтын қолдайды

Қазақстан Халық партиясы да сайлауалды үгітнасихат жұмыстарын бастады. Қарағанды облыстық бөлімшесінде жұмыс қызу.

Штаб арнайы кестені бекітті. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында штаб өкілдері өндіріс орындары, мекемелер мен жоғары оқу орындары ұжымдарымен, Қарағанды қаласы және облысқа қарасты аудандардағы ардагерлер кеңесімен, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғайтын мекемелерде кездесу жоспарланған. Карантин ережелері сақталып, бірнеше жиын онлайн-форматта жүргізіледі деп белгіленді.

Айта кету керек, Қазақстан Халық партиясы сайлауалды үгітнасихат жұмыстарында спорттық шаралар өткізуді игі дәстүрге айналдырған. Олар шағын футболдан облыстық штаб командалары арасында жолдастық кездесулер өткізуде. Соның бірі – Қарағанды қаласының GGG дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен «ҚХП» және «Жеңіс» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу де салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Ойын тең аяқталды. «ҚХП» командасының атынан Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің жастар қанаты қатысса, оларға қарсы­лас болған «Жеңіс» – қарағандылықтардың әуесқой командасы. Шара барысында сайлаушыларға партияның сайлауалды жобасы таныстырылды.

Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин қатысушылар мен жанкүйерлерге сәттілік тіледі. «Біз салауатты өмір салтын, белсенді және спортшы жастарды қолдаймыз! Командалық ойында өз күштерін сынап көргісі келетіндерді қатысуға шақырамыз», – деді ол.

«Мен футболды жақсы көремін және денсаулығым мықты болғанын қалаймын. Сондықтан, бос уақытымда футбол залына барып ойнаймын. Толқу, қозғалыс, бірлік және командалық рух керемет көңіл күй сыйлайды. Сонымен қатар, біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз, қарым-қатынасымыз да тамаша, ортақ қызығушылығымыз бар, ол – спорт» – дейді «ҚХП» командасының ойыншысы Роман Осокин.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button