Жаңалықтар

Бұқараның әл-ауқаты – комиссия жұмысының өзегі

Қарағанды облыстық мәслихатында бес бейінді комиссия жұмыс істейді. Бұл комиссиялар салалық бағыттарда жұмыс атқарады. Жақында әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның депутаттары «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде былтырғы жұмыстың қорытындысын шығарды. Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстарында депутаттар 2021 жылғы өзекті мәселелерді қарады. Мысалы, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету, мектептер жанындағы коррекциялық кабинеттерді ұлғайту, ауылдық жерлерде интернет жылдамдығын арттыру, мүгедектерді жұмысқа орналастыру. Орфандық аурулары бар тұлғаларға дәрі-дәрмек сатып алуды қаржыландыру, МӘМС жүйесін енгізгеннен кейін медициналық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру, МОМБП және МӘМС шеңберінде медициналық мекемеге тіркелу аумағынан тыс тегін медициналық көмек алу, азаматтардың жекелеген санаттарына тегін стоматологиялық және ортодонтиялық көмек көрсету мәселелері айтылды. Бұдан басқа, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрі дамытуға, оның қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыруға, ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін білікті мамандармен қамтамасыз етуге, ауыл тұрғындарын сапалы дәрі-дәрмектердің кең ассортиментімен қамтамасыз етуге және тағы басқа мәселелерге көңіл бөлінді. Депутаттар денсаулық сақтау нысандарын салу үшін жеке инвестицияларды тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бейінді комиссияның отырыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйлері мен орталықтарын одан әрі дамыту шаралары, осы мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасы талқыланды. Депутаттық корпус көтеретін мәселелердің қатарында ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жарақтандыру деңгейі қамтылды. Облыста олардың 315-і бар, оның 240-ы – ауылдық. Кітапхана қоры екі миллионнан астам құжатты құрайды. Уәкілетті органдарға ауылдық кітапханаларды сапалы интернетпен қамтамасыз ету, сонымен қатар, кітапхана қорын толықтыруға және компьютерлік паркті жаңартуға қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Мектептерде «дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесіне ерекше назар аудару, балалар-жасөспірімдер клубтарының желісін, спорт секцияларын және тағы басқаларын кеңейту қажеттілігі туралы атап өтілді. Ауыл жастарына квота беру, ауылдық жерлердегі мамандардың қажеттілігін есепке алу және оларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Уәкілетті органдарға «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ауыл жастары үшін жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды жұмыспен қамту қажеттігі ұсынылды.

Мемлекеттік емес ұйымдарда қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына назар аудару, сәбилер мен аналар өлімін төмендетудің нысаналы индикаторларын сақтау, жасөспірімдер мен ана денсаулығы сақтау туралы алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі және т.б. ұсынылды. Қарағанды облысында жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы мәселені қарау кезінде депутаттық корпус жастар арасындағы жұмыссыздықтың себептері мен осы мәселені шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, жастарды әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы еңбек нарығындағы жағдай туралы кеңінен ақпараттандыру, ЖОО-ның практикадан өту үшін орын ұсынатын ұйымдармен ынтымақтастық, жұмыспен қамту орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру, жұмыссыз және NEET-жастармен атаулы және нақты жұмысқа ерекше назар аудара отырып, жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тарту қажеттілігіне назар аударылды. Депутаттар өз сайлау округтерінде айтарлықтай жұмыс жүргізеді, азаматтарды қабылдайды, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын қарайды, тиісті мемлекеттік органдарға өтініштер мен хаттар жібереді. Облыстық мәслихат сессияларының жұмысына және тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысумен қатар, тұрақты комиссия мүшелері облыстың әлеуметтік-экономикалық өміріне – қайырымдылық іс-шараларына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні, Қарттар күні аясындағы шараларға, «Мектепке жол» акцияларына белсенді қатысты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттық корпусы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2021 жылы белсенді жұмыс жүргізді. Жол картасының индикаторлары келесі бағыттар бойынша орындалды:

– еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

– әлеуметтік салада кадрлар тапшылығы проблемасын шешу (білім беру, денсаулық сақтау);

– туризмнің жаңа нысандары ашылды (2021 жылы Балқаш, Приозерск, Қарағанды, Теміртау қалалары, Қарқаралы, Ақтоғай аудандарында 11 жоба іске асырылып, 38 жұмыс орны ашылды);

– «Жошы хан» кесенесінің жанындағы туристік кешеннің құрылысын аяқтау;

– қасиетті және маңызды жерлерге өлкетану экспедицияларын өткізу (Жошы хан кесенесі, Алаш хан, ежелгі Басқамыр қаласы, «Хан Ордасы», Әулие тау тауы, Теректі Әулие петроглифі);

– курорттық аймақ орындарына жаңа туристік маршруттар әзірлеу (Қарқаралы, Балқаш және Бектауата);

– мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету (2,7 мың кезекте тұрғандарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету);

– облыс тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету;

– медициналық мекемелер мен дәріхана желілерінің КВИ-ға қарсы дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен, балалар мен емдік тағамдардың мамандандырылған өнімдерімен қамтамасыз етілуі, кәсіби құзыреттілікті арттыру және әлемдік практикаларды енгізу үшін дәрігерлерді шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында оқыту;

– медициналық жабдықтар сатып алу (3 970 бірлік материалдық-техникалық жарақтандыру);

– өңірге медицина кадрларын тарту, сондай-ақ, оларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету;

– оқушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастыру;

– ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмысқа орналастыру (жұмыспен қамту органдарына 1319 мүгедек өтініш білдірді, 653 адам жұмысқа орналастырылды);

– бұқаралық спортпен айналысу (2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындарды қамту 459 839 адамға жетті);

– тарихи-мәдени мұраны сақтау және өнер мен мәдениет салаларын дамыту – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу, қолдану аясын кеңейту және тағы басқа мәселелер қамтылды.

Жол картасын жүзеге асыру аясында Ақтоғай ауданында қосымша білім беру орталығы, Ұлытау ауданында Оқушылар үйінің 2 филиалы, Осакаров және Бұқар жырау аудандарында технопарктер, Қарағанды қаласында Жасөспірімдер сарайы, Жаңаарқа ауданында Жасөспірімдер үйі ашылды. 348 мектепте пән кабинеттерін жаңғырту, дуальді оқыту бойынша оқуды аяқтаған ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру жүргізілді. 2020-2021 жылдары дуальды оқыту жүйесі бойынша 670 адам оқытылды, оның 88,7%-ы жұмысқа орналастырылды. 2021 жылы білім беру нысандарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бейнебақылау камералары орнатылды. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында облыстың қалалары мен аудандарында Белсенді ұзақ өмір сүру Орталықтарының саны артты. Былтыр М. Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжінің, Шахтинск технологиялық колледжінің, «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, «Е.Бөкетов атындағы ҚарУ» КЕАҚ студенттеріне арналған жатақхана пайдалануға берілді. Жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға 100 грант бөлінді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспардың орындалуына мониторинг жүйелі негізде жүзеге асырылады. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының индикаторларын іске асыру депутаттардың тұрақты бақылауында.

Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия.

Басқа материалдар

Back to top button