Жаңалықтар

Senim109 – халықаралық байқауда үздік

Senim109 Қарағанды бірыңғай үйлестіру орталығы CCGuru Awards «Хрустальная Гарнитура» номинациясының XVIII халықаралық бағдарламасында жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл еуразиялық кеңістіктегі ең озық байланыс орталықтарына берілетін жүлде. Байқауға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Украина және Қырғызстан елінің 120-дан астам байланыс орталықтары атынан 380-нен астам үміткер қатысқан. Лауреаттар 43 номинация бойынша анықталды. Қарағанды орталығы «Үздік байланыс орталығы» (халыққа арналған қызметтер мен сервистер) номинациясында финалға шықты.

Біздің номинацияда 70 қатысушы бақ сынады. Байқау өткен жылдың қараша айында жарияланды. Бірінші кезеңде біз өз орталығымыз туралы эссе жаздық. Онда орталық құрылымы мен мүмкіндіктері туралы жазу керек-тін. Содан кейін құжаттарды ұсындық. Ақпан айында бізде төраға бастаған конкурстық комиссия болып қайтты, дейді Senim109 директоры Рахат Сәдуақасов. Рахат Сәдуақасов комисия мүшелері орталықтың тиімді ұйымдастырылғанына таңданушылық білдіргенін айтады.

Сонымен, «Үздік байланыс орталығы» номинациясында Саха Республикасының (Якутия) көпфункционалды орталығы жеңіске жетсе, екінші орынды Senim109 жеңіп алған. Үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының байланыс орталығына бұйырды.

«Хрустальная Гарнитура» – байланыс-орталықтары және клиенттермен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау индустриясындағы ең беделді, кеңінен танымал кәсіби марапат. Былайша айтқанда, осы салалағы «Оскар» сыйлығымен пара-пар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button