ҰБТ-ға информатика пәні қосылады

Келесі оқу жылынан бастап IT бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да информатика пәнінен тест тапсырады.
Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орнына IT бағыты бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу жөнінде өтініш жолдаған. Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика» комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады.
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биылғы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика +Информатика» комбинациясын таңдау қосылады.

Өз тілшімізден.