Жаңалықтар
Қарағандыда ер адамды пойыз басып кетті
Қарағанды облысында ер адам пойыз астына түсіп, мерт болды. Бұл туралы ҚТЖ «Жүк тасымалының» баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Newtimes.kz
«2019 жылдың сегізінші қаңтарында Астана-Семей бағытындағы №312 пойыз машинисі Мойынты-Балқаш аумағында ер адамды басып кетпес үшін жедел тоқтату шарасын қолданған. Алайда, шағын арақашықтық салдарынан пойыз қозғалысын тежеу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді компания өкілдері.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға нәтижесінде ер адам қайтыс болған. Марқұмның кім екені әзірге анықталған жоқ.