Жаңалықтар

Өзгеріс – ілгерілеу жолы

Біз тарихи оқиғаларды бақылап отырмыз: біздің көз алдымызда «Жаңа Қазақстан» құрылуда. Мемлекет басшысы Жолдауында тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, жүйені өзгертуіміз керек деген ұстанымды айқын білдірді.

Саяси реформалар бағдарламасы еліміздің саяси дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Жаңа реформалар барлық дерлік саяси институттарға қатысты.

Азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Мәжілістің мәртебесі мен рөлі артады.

Бағдарламаны әзірлеу кезінде ғалымдардың, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары мұқият зерделенді. Талқылау Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде өтті.

Жаңа реформалар аясында негізгі билік институттарының: Президент, Парламент, жергілікті өзін-өзі басқару, партиялық, сайлау, сот және құқық қорғау жүйелерінің негізгі өкілеттіктері қайта қаралады. Тежеме мен тепе-теңдіктің принципті жаңа тұрақты жүйесі қалыптасады.

Өзгеріс – қашанда ілгерілеу жолы. Мемлекет және қоғам ретінде демократияны нығайту жолында үлкен қадамдар жасалып жатқанына қуаныштымыз. Демек, қоғамдық өмірге үлес қосып, гүлденген мемлекет құруға мүмкіндігіміз мол.

Біз ұлттық бірегейлікті нығайту, білім культін, мәдени құндылықтарды насихаттау және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Еліміздің картасында үш жаңа Ұлытау, Жетісу және Абай облыстары пайда болады.

Бұл – жергілікті мәселелерді шешетін жаңа тұлғалар пайда болып, жаңадан құрылған өңірлердің өмір сүру сапасы артады деген сөз.

Сонымен қатар орталығы Жезқазған қаласы болатын Ұлытау облысының құрылуы – өңірдің қарқынды дамуына жасалған үлкен қадам. Бұл менің жерлестерім үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық.

Еліміздегі өзгерістер туралы айтқанда, біз мемлекеттік және жергілікті шешімдер қабылдау тәсілдері туралы да айтып отырғанымызды түсінуіміз керек.

Әкімдер мен орынбасарлар партия филиалдарында қызмет атқара алмайды деген нұсқау алдық. Мен көптеген қайраткерлердің партияның игілігі үшін жылдар мен ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқанын түсінемін, бірақ мен үшін мұндай шешім сезімталдық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, назар аудару аясын кеңейтеді және шешім қабылдаудағы объективтілікке оң әсер етеді.

Ғабдолла ДҮЙСЕНБАЕВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Back to top button