57 жыл отасқан жұп референдумда таңдау жасады
Қарағанды қаласындағы №100 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны алғашқы сәттен бастап-ақ қызу қарқын алды. Таңғы сағат 7.00-ден бері тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Солардың қатарында 57 жыл отасқан Рысбек Құтжанов пен Нәсіп Әбішева да бар. Үлгілі жұп елдік тарихи маңызы бар науқаннан шет қалмай, №100 учаскеге келіп, азаматтық борыштарын орындады. Жарты ғасырдан астам уақыт бірге ғұмыр кешкен қариялар мұндай маңызды қоғамдық шараларға әрдайым белсенді қатысып келеді.
Отағасы Рысбек Құтжанов бүгінде 79 жаста. Қарияның айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азаматтың бейжай қалмауы аса маңызды.
– Біз әрдайым ел өміріндегі маңызды шараларға қатысуға тырысамыз. Бүгінгі референдум да мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды қадам деп ойлаймын. Сондықтан, өз таңдауымызды жасап, азаматтық міндетімізді орындауға келдік. Елімізде тұрақтылық пен бірлік болсын, – дейді қария.
Үлгілі жұпқа учаске төрағасы арнайы естелік сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.
Қасымхан Бүркітұлы
Ortalyq.kz



