Жаңалықтар

Карантин шаралары жеңілдетіледі

22 ақпаннан облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы күшіне енеді. Қаулыға сәйкес, Ashyq қосымшасында «көк» мәртебесі барлар сауда орындарына шектеусіз кіре алады, ал кинотеатрларға тамақ пен сусындар алып келуге болады. Одан бөлек, той, еске алулар өткізуге, адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етіледі. Мұндай шешім «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшуге байланысты қабылданды.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бірқатар шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Ashyq қосымшасында «жасыл» және «көк» мәртебесі барлар әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін, күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып СОО, сауда үйлеріне, сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын, азық-түлік емес сауда желілеріне, сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын, азық-түлік сауда желілеріне, бассейндерге, ойын, түнгі клубтарға, караоке және басқа да бизнес объектілеріне бара алады. Одан бөлек, бұдан былай көрмелер, марафондар, спорттық, салтанатты, естелік, банкет, еске алу тәрізді отбасылық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық Құдайға құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар ұйымдастыруға, өткізуге және баруға рұқсат етілген.

Қаулыда кинозалда тамақ пен сусын ішуге рұқсат етіліп, балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердегі шектеулер алынып тасталатыны айтылған. Бұдан былай, ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимдегі жұмысына да ешқандай шектеу жоқ. Бұл ретте коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19- бен ауырып жазылған қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Сонымен қатар, қаулыға сәйкес, вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған, елге келетін ҚР азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады. Ел шекарасына тестісіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетелдік мемлекеттердің азаматтары да кіре алады.

Бұдан былай, ауру белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылып, балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім беру ұйымдарының ғимаратына кіре алады. Ал, орта білім беру ұйымдарында, колледждер мен жоғары оқу орындарында карантин енгізуге сараланған тәсіл қолданылады. Мәселен, 1- инкубациялық кезеңде COVID-19 топтық ауруы жағдайы тіркелген кезде 10 күнге дейін үй карантиніне: сыныпқа (топқа) – бір сыныптағы (топтағы) балалар арасында сынып (топ) санының 30%-дан астамында; бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында тіркелгенде; колледждерде, жоғары оқу орындарында бір лектегі топтардың 30%-дан астамында тіркелген жағдайда оқшаулау енгізіледі. Үй карантині аяқталғаннан кейін коронавирусқа зертханалық тексеру жүргізілместен сабаққа қатыса алады. Сабаққа жіберу, білім ұйымында болу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысы талап етілмейді.

Қазақстан Республикасына ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келгендердің дене қызуылары өлшеніп, сауалнамадан өтеді және ПТР әдісімен COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. Анықтама ПТР әдісімен зерттеу үшін материалды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта таңдаған жағдайда жарамды.

Сонымен қатар, еріп жүретін тұлғаларда анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға арналған анықтаманы ұсыну талап етілмейді. Ал, егер екінші компонентті алғаннан кейін ел шекарасын кесіп өту кезінде 6 айдан аспайтын уақыт өтсе, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарға құжаттамалық растауды ұсыну кезінде, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ел аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынылады. Pfizer вакцинасын мүмкіндігі шектеулі адамдар (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдардың ревакцинациялауға, вакцинациялауға, Қазақстаннан тыс жерлерде бірінші компонентті алған адамдарға вакцинация курсын (екінші доза) аяқтау үшін қолдануға рұқсат етілген.

Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button