АймақҚарқаралы

Вирусқа сенбеу – қауіптің зоры

Елімізде коронавирус індетінің өршуіне байланысты, бірқатар елді-мекендерде шектеулер енгізілді. Солардың қатарында Қарқаралы қаласы да бар. Қаладан шығатын басты жолға блок-бекет қойылып, медициналық тексеру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Елді мекендерден облыс орталығына қатынас қалыпты. Қала ішіне кірмей, айналма жол арқылы өтуге мүмкіндік бар. Қала ішіндегі қоғамдық орындар жұмыс уақыты қысқартылған жағдайда қызмет көрсетуде.

Шектеу шаралары Қарқаралы қаласы бойынша ғана қойылды. Қалаға кіріп-шығуға болмайды. Қала басында тығыз байланыс болғандықтан ғана осындай әрекетке барып отырмыз. Тек, Қарағандыға ауруханаға баруға арнайы қағазы болса ғана рұқсат етіледі. Қала сыртындағы демалыс орындары жабылған жоқ. Қала ішіндегі дәмханаларда 30 кісіге дейін қабылдауға рұқсат берілгенімен, онда отбасылық мерекелерді өткізуге тыйым салынған. Қала ішіндегі, балалар ойын алаңдарында 14 жасқа дейінгі балалар үлкендерсіз жүруге болмайды. Тұрғындар санитарлық талаптарды сақтауға міндетті. Жеңіл автокөліктер түнгі сағат 11.00-ден таңғы сағат 5.00-ге дейін жүргізілмейді. Қоғамдық орындарда дизбөгеттер мен антисептиктер қойылған. Бүгінде аудан бойынша 10 адам вирус жұқтырса, 80-ге жуық адам оқшауланған. Бұл адамдардан тесттар алынып, бақылауға алынған. Сырттан вахталық режиде жұмыс жасайтын адамдар да қатаң бақылауда. Бізде төрт кәсіпорын бар. Оларға келетін адамдар Қарағандыдан жұмыс берушінің есебінен тест тапсырып, рұқсаттама қағазы арқылы жұмысқа кіріседі. Жалпы, аудандағы эпидахуал қатаң бақылауда, арнайы комиссия жұмыс жасауда, – дейді, Қарқаралы аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәкен Сипатуллин.

Жұқпалы дерттен сақтану шараларын қатаң орындау керек дегенімен әлі де жағасы жайлауда жүргендер жетерлік. Әр адамның иммунитеті әртүрлі, дерттің құрығына ілініп, қапыда қалмайық!

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button