Жаңалықтар

Қарағанды облысында 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады – Тоқаев

Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатынын айтты. 

«Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың тұрмысына тікелей әсер етеді. Мен ұрпақтың сапалы білім алуына баса мән беріп отырмын. Менің бастамаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Оны бүкіл ел бойынша жүзеге асырып жатырмыз.

Алдағы 3 жылда осы өңірдің өзінде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатын болады. Келесі жылы құрылыс басталады. Сондықтан, жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесі қазірден бастап шешімін табуға тиіс», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Back to top button