Төреғали Төреәлі өзі соққыға жыққан жігітпен татуласқанын айтып, фото жариялады

Төреғали Көлсай көлі маңында соққыға жыққан жігітпен татуласқанын жеткізіп, Инстаграм парақшасына фото жариялады. 

“Ер шекіспей, бекіспейді” деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік”, – деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әнші Төреғали Төреәлі гид жігітті соққыға жығып, уақытша тергеу изоляторына қамалған болатын. Артынша әнші кепілге 10 млн теңге ақша беріп, бостандыққа шықты.