Осакаров

Осакаров ауданының тұрғыны дәрігерлерге ән арнады

Осакаров ауданының тұрғыны Мейрам Кәрібаев қауіпті індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге ән арнады. Ол осылайша өнер адамдарының ақ халаттыларға деген алғысы мен құрметін көрсетпек болған.

  • Құрметті ақ халат киген жандар. Сіздер алдыңғы шепте жүрсіздер. Еңбектеріңіз біз үшін аса маңызды. Оның бағасы халықтың ыстық ықыласында және алғысында. Алдарыңызда бас иіп, шексіз алғысымды білдіремін, – дейді зейнеткер.

Мейрам Мұқашұлы бүгінде зейнет демалысында. Карантин талаптарын қатаң сақтайтын зейнеткер облыстың өзге тұрғындарын да тәртіп сақтауға шақырады. Ол құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін Молодежный поселкесіндегі музыкалық мектептің директоры лауазымында қызмет еткен. Қазір де қоғамдық шараларға белсене қатысып, ел ісіне араласып жүр.  Педагогикалық еңбек ардагері және білім беру қызметкерлері қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде елдегі және әлемдегі күрделі ахуалды жеңілдетуге өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан да медицина саласының қызметкерлеріне арнап өлең жазып, ән шығарған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Осакаровка ауданының тұрғыны Мейрам Кәрібаев қауіпті індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге ән арнады. Ол осылайша өнер адамдарының ақ халаттыларға деген алғысы мен құрметін көрсетпек болған. Құрметті ақ халат киген жандар. Сіздер алдыңғы шепте жүрсіздер. Еңбектеріңіз біз үшін аса маңызды. Оның бағасы халықтың ыстық ықыласында және алғысында. Алдарыңызда бас иіп, шексіз алғысымды білдіремін, – дейді зейнеткер. Мейрам Мұқашұлы бүгінде зейнет демалысында. Карантин талаптарын қатаң сақтайтын зейнеткер облыстың өзге тұрғындарын да тәртіп сақтауға шақырады. Ол құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін Молодежный поселкесіндегі музыкалық мектептің директоры лауазымында қызмет еткен. Қазір де қоғамдық шараларға белсене қатысып, ел ісіне араласып жүр. Педагогикалық еңбек ардагері және білім беру қызметкерлері қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде елдегі және әлемдегі күрделі ахуалды жеңілдетуге өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан да медицина саласының қызметкерлеріне арнап өлең жазып, ән шығарған.

Публикация от Қарағанды жаңалықтары (@ortalyq.kz)

 

Басқа материалдар

Back to top button