Жаңалықтар
Жылқы жалында ойнаған қыз
Қарағандылық «Карат» асыл тұқымды жылқы зауытының конкур шабандозы Мөлдір РАСУЛОВА конкурдан Алматыда өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында II орынды қанжығалап қайтты.
Естеріңізге салсақ, Мөлдір Расулова конкурдан ел біріншілігінің жеңімпазы. Қазақстанның екі дүркін чемпионы және 2018 жылғы «FEI world Challenge» атты әлемдік додада бас жүлде иеленіп, әлем кубогін жеңіп алған танымал шабандоз. Осы бір жарыста ол өзі баптаған «Каприоль» атты алты жасар биемен өнер көрсетті.
– Еліміздің әр өңірнен ең мықты деген түрлі спортшылар жиналды. Үш айналым болды. Осы жарыста жолым болып II орынға іліктім, облыс намысын бермеуге тырыстым – дейді Мөлдір Расулова.
Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.