Ресми

Тікелей эфирде аймақ басшысы «Әкім сағатын» өткізді

 «Saryarqa» телеарнасында тікелей эфирде Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбекпен «Әкім сағаты» өтті. Тікелей эфир барысында облыс тұрғындары аймақ басшысына телефон, ватсап қосымшасы арқылы  сауал жолдай алды. Сонымен қатар,  телеарнаның ютуб каналынан көрсетілді.

Әкім індет әсер еткен экономикалық ахуалға тоқталды. Оның айтуынша, экономикада барша индикаторлардың өсімі сақталған.

«Барлық қиындықтарға қарамастан, Қарағанды облысы экономиканың тұрақты өсімін сақтап қалды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінде өсімге қол жеткізілді.

11 айдың қорытындысында өнеркәсіптің нақты көлем индексі 101,4%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өнім шығару 3,4%-ға ұлғайды. Барлық индикаторлар орындалды. Жұмыс орындарын сақтап қана қалмай, жаңа жұмыс орындарын аштық», – деді облыс әкімі.

Бұған қоса, жылдың басында облыстағы ірі өндіріс орындарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Барлық компаниялар сол уәделерінде орындаған Жалпы сомасы 2 трлн теңгеге жуық, 12,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 50 жаңа инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 203,6 млрд.теңгеге 11 жаңа өндіріс іске қосылды, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Басқа материалдар

Back to top button