Жаңалықтар

Жаңа жоба – тың серпін

«Жәдігерлер шеруі» жобасы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 90 жылдығына арналған. Жобаның ерекшелігі – жыл бойы ай сайын жұртшылық назарына тақырыптық топтамалар ұсынылатындығында. Яғни, ай сайын жәдігерлер шеруі жаңартылып отырады.

Ақпан айы бойына мұражайдан әскери жабдықтардың, суық қарудың 9 түрінің коллекциясын көре аласыз. Бұл топтама ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына тиесілі. Облыс тұрғындары мұражайға кездейсоқ табылған немесе революцияға дейінгі кезеңде үйлерді бұзу кезінде табылған заттарды тапсырған. Ұсынылған коллекциядағы темір ақинақ Қарқаралы ауданынан 1977 жылы табылған. Ал, мұндағы қазақы қылышы қорға 2011 жылы мұражай акциясы аясында экспонаттарды жинау кезінде түскен. Қылыш Қарқаралы ауданының тұрғыны Ерназар Орманбетовке тиесілі болыпты.

Коллекциядағы келесі экспонат – Орал зауыттарында жасалған ортағасырлық қылыш. Сабы мыстан, жүзі темірден тұратын қылыш мұражайға 1975 жылы Арқалық совхозының тұрғынынан түскен. Шерудегі XVIII ғасырға жататын бір қылыштың жүзі арнайы болаттан жасалған. Бұл олжаны мұражайға қарағандылық Нина Федорованың жанұясы 2012 жылы өткізген. Мүйізден жасалған тұтқалы қанжар 1916 жылғы халық-азаттық көтерілісіне қатысқан Шолтай Шоғамановтың иелігінде болған. Жәдігер 1975 жылы мұражайға түсіпті. Мұражайда көзтартар тағы 2 қылыш тұр. Бірі – қара былғары қынапты. Сұрыптау кентіндегі үйдің веранда қабырғаларын бұзу кезінде табылған және 2008 жылы Шахтинск тұрғыны Омар Әшірбеков қорға тапсырған.

Екіншісі – 1941 жылы 3 қазанда Михайловский көлінде ММУ профессоры Сергей Киселев тауыпты. Ол эфес сүйектен жасалған, күміспен қапталып, үстіне гравировка мен арабша жазылған. Мамандардың айтуынша, бұл 1982 жылы мұражайға жаңадан келген қылыш болыпты. Жаңа жоба аймақ тұрғындарына тың серпін беріп, қызығушылығын туғызып отыр. Наурыз айында көрме-коллекция жаңартылады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button