Орташа зейнетақы — 105 мың теңге

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 234,7 млрд. теңгеден астам зейнетақы төленді. Зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаңтар айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға – 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,4 миллиард теңге бағытталды. Ведомство ақпаратынша, бүгінде Қазақстанда 2 миллион 245 мың зейнеткер тұрады. «1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 105 291 теңгені құрады», – делінген хабарламада. Айта кетері, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.