Жаңалықтар

Ауыл оқушыларына арналған олимпиада

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына тіркеу 19 ақпанда басталды. Олимпиадаға қатысу үшін 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында тіркелу қажет. Тіркеу 2022 жылдың 19 ақпанынан 20 наурызына дейін жалғасады.
«Мың бала» олимпиадасына соңғы екі оқу жылында Қазақстанның ауылдық мектептерінде білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары ғана қатыса алады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталады. Олар еліміздің жетекші мектептерінде, атап айтқанда республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Сонымен қоса, 5000 оқушы қосымша сабақтарды онлайн оқиды.
Қатысушылар үшін бірінші және екінші кезең тапсырмаларының дайын үлгісін 1000bala.elbasyacademy.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Жобаға қатысты сұрақтар болса 8 800-080-48-48 нөміріне қоңырау шалып, жауап ала аласыз. Қоңырау шалу тегін.

Өз тілшімізден. 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button