Жаңалықтар

Ахаң рухы – Анкарада

Ұлт ұстазының ұлы есімі Түркияда да ұлықталды. Анығын айтсақ, Анкарада Алаш арысы Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 жылдығына арналған халықаралық конференция жоғары деңгейде өтті.

Конференцияға ТҮРКСОЙ ұйымының шақыруымен Қазақстаннан Амантай Шәріп пен Анар Фазылжан, Қырғызстаннан Мэрим Колбаева, Әзірбайжаннан Эльчин Ибрахим, Өзбекстаннан Эргаш Абдувалитов секілді түркі әлеміне белгілі ғалымдар арнайы келді. Олар Ұлт ұстазының өмірі мен еңбегі жайында жан-жақты мағлұмат берді. Жиын барысында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын тойлау шаралары жалғасатынын жеткізді.

– Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған алғашқы халықаралық конференцияны біз ұйымдастырып отырмыз. Мұнымен шектелмейміз. 150 жылдық шаралары жыл бойы жалғасын табады. Ал, Ахаң бұл құрметке сөзсіз лайықты. Ұлы тұлғаның дара жолын ұрпаққа үлгі ете беруіміз керек, – деді Дүйсен Қорабайұлы.

Игі шараға қатысушылар түрік тілінде түсірілген Ахмет Байтұрсынұлы бейнефильмін тамашалады. Сондай-ақ, белгілі қаламгер Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабының тұсауы кесілді. Бұл туындының ТҮРКСОЙ ұйымының қаржылай қолдау ымен жарық көргенін атап айтуымыз керек.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button