Коронавирус

Теміртау қаласына қатысты карантин шаралары күшейтіледі

Қарағанды облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның қайтыс болуына байланысты Теміртау қаласын оқшаулау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай Сембеков мәлімдеді.

  • Бірнеше сағат бұрын Теміртау қаласын оқшаулау  туралы шешім қабылданды. Қаладан шығатын үш жолға арнайы посттар қою туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Металлургтер даңғылының айналмалы жолында, 4а орамда және Ақтау поселкесіне шығар жолдың бойына. Осыған орай, Теміртау қаласынан шығатын автожолдардың бойында қосымша шектеу шаралары жүзеге асырылады. Бұл посттарда кезекшілік ететін азаматтар қажетті дезинфекциялық заттармен және азық-түлікпен қамтамасыз етіледі, – деді Жанатай Сембеков.

Оның айтуынша, бұл шектеу шаралары медицина және санитарлық қызметкерлерге, құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғаныс және апаттық құтқару мекемелерінің өкілдеріне, коммуналдық қызметкерлерге, электр, газ және жылумен қамту мекемелерінің мамандарына, қоқыс шығарушыларға және байланыс қызметінің өкілдеріне қатысы жоқ. Бірақ, олар тиісті рұқсат қағазы мен қызметтік куәліктерін көрсетуі тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button