Жаңалықтар

Оқушыларды бағалау жүйесі өзгермек

Еліміздегі мектептерде дене шынықтыру сабағындағы бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

«Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр», – деп жазды Е.Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып.

Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бұрын белгілі болғандай, мектеп жасындағы 2 млн бала дене шынықтыру үйірмелерімен қамтылған.
Айта кетейік,
Қазақстанда екі жылда 100-ден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button