Ресми

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 01 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында облыста жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ол үшін 19 ақпараттық-насихаттау тобы құрылды, Топ мүшелері еңбек ұжымдарын аралап, халықпен кездеседі, жан-жақты түсініктемелер береді, қойылған сұрақтарға жауап қайтарады.

15-16 қыркүйекте Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын Жезқазған, Сәтбаев қалаларында болып қайтты. Ол Жезқазған қалалық полиция басқармасының ұжымымен, Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті қызметкерлерімен, «Ютария LTD ӨИК» ЖШС жұмысшыларымен жүздесті. Достық үйінде Е.Құсайын Қоғамдық келісім кеңесінің, аналар кеңесінің мүшелерімен, қала ақсақалдарымен, ҮЕҰ, ЭКО, жастар өкілдерімен кездесті.

Ерлан Бейсембайұлы Жолдаудың негізгі тезистерін түсіндірді, тұрғындарды алдағы жоспарлармен таныстырды. Кездесуге барлығы 200-ге жуық адам қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button