Жаңалықтар

Салыққа салғырт қарамаңыз

Жеке меншігінде жер учаскелері мен жылжымайтын мүлкі бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға жер салығы мен мүлік салығын төлеуге тиіс. Төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қазанында аяқталады.

Осы салықтар бойынша есептелген сомалар туралы ақпарат «Салық әмиянында» қолжетімді.

Бұл деректерді жеке тұлғалар және ЖК алдағы төлемдердің ашық сервисінен e-Salyk мобильді қосымшасында немесе осы мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» сервисінің жеке кабинетінде алуға болады.

Мұнда есептелген сомалар екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ төлем карталарының көмегімен толтырылған деректемелер бойынша төленеді.

Қате есептелген салықтар немесе меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемелерін түзету мүмкіндігі «салық әмияны» сервисінің «салық салу объектілері» бөлімінде қолданылады.

Мұнда сіздің атыңызға тіркелген салық салу объектілері (мүлік, жер, көлік құралдары) бойынша деректерді қарауға болады.

Салық салу объектілері бойынша қате деректермен проблемаларды шешу үшін деректерді түзету сервисі іске асырылды. Яғни, 7 қыркүйекте көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функционалы, 11 қыркүйекте мүлік салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функционалы іске қосылды.

Енді, «салық әмияны» арқылы объектілер бойынша мәліметтерді өзектендіруге уәкілетті мемлекеттік органдарға (ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) электрондық өтінімдерді беруге болады.

Жер салығы бойынша салық салу объектілері бойынша деректерді түзету сервисі 2020 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Салық әмияны – салық төлемдерін бірнеше салық түрлері бойынша берешекті өтеу үшін бірыңғай деректемелерден бөліп, оларды қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік беретін арнайы сервис. Бұл автоматты режимде жасалады. Ал, сервистің өзі ыңғайлы eSalyq мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Оны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.

Оның көмегімен жеке тұлғалар мен бизнесмендер үшін салық төлеу рәсімі жеңілдетіледі.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button