АймақБалқаш

Сырға толы скрипка

Балқаш тарихи-өлкетану музейінде БалқашЛаг тұтқыны болған литвалық Владас Кастас ТИЛАНЫҢ көне  скрипкасы сақтаулы тұр. Қызыл ағаштан жасалған аспап 2000 жылы жәдігерлер қатарына қосылған.

– Бұл құнды жәдігерді музейге Бейбіт Әлімбаев есімді азамат тапсырды. Скрипканың иесі – БалқашЛагта қамауда болған литвалық Владас Кастас Тила. 1950 жылдары Балқашқа жер аударылған. Қаншама қиындықты басынан кешірсе де ол скрипкадан қол үзбеген. Өз қолымен 8 скрипка жасаған. Алғашқы жасаған скрипкасын әпкесіне сыйлаған. Біздің қолымыздағы көне аспаптың ішегіне жылқының қылын пайдаланған. Шебердің қолынан шыққан дүниені шет мемлекеттен келіп, тамашалайтындар бар, – дейді музей қызметкері Асыл Серікқызы.

Кейін ақталып шыққан скрипкашы өмірінің соңына дейін Балқаш қаласында тұрыпты. Бүгінде музейде тұрған скрипка сол азалы жылдардан сыр шертіп тұрғандай…

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button