Жаңалықтар

Жас шешендер бақ сынады

Қарағандыда ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығына және һәкім Абайдың 175 жылдығына орайластырылған «Өзіңе сен» пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық тілдер басқармасы ұйымдастырды. Онлайн форматтағы шарада студент жастар бақ сынады. Білім деңгейін, шешендік шеберлігін, ойлау дәрежесін байқатты.

Қазылар шешімімен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің командасы үздік шықты. ІІ орынды Қарағанды индустриалды университеті қанжығаға байлады. Ал, ІІІ орынды академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті еншіледі. Қарағанды техникалық университетінің студенті Ернияз Амантай «Пікірталастың үздік спикері» атанды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button