5451 әскери бөлімі ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Қарттар күні мерекесіне орай 5451 әскери бөлімінің командирі подполковник Рауан Сарсенғалиұлы бастаған бір топ әскери қызметші ардагерлердің шаңырақтарына барып, құрмет көрсетті.
Сапар барысында бөлім командирі ардагерлерге жеке құрам атынан алғысын білдіріп:
– Құрметті ардагерлер! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – бүгінгі буын үшін баға жетпес қазына. Қартын қадірлеген ел ешқашан азбайды, – деп атап өтті.
Әскери қызметшілер ардагерлерге сый-сияпат ұсынып, жылы лебіздерін жеткізді. Ал ардагерлер өз кезегінде сарбаздарға ақ батасын беріп, ел қорғауда абыройлы қызмет атқаруларына тілектестік айтты.
Осылайша, 5451 әскери бөлімінің жеке құрамы Қарттар күніне орай ізгі дәстүрді жалғастырып, ардагерлерге шынайы құрмет көрсетті.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі