КоронавирусОблыс әкіміРесми

Заманауи зертхана ашылды

Қарағандыда мемлекеттікжекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік медициналық зертхана ашылды. Автоматтандырылған жабдық тәулігіне 2 мыңға дейін ПТР-тест жүргізуге мүмкіндік береді. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ мен облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жаңа зертхананың жұмысымен танысты.

– КВИ ықтимал екінші толқынына дайындалуға байланысты ПТР-тестілеу көлемінің артуы аса өзекті. Облыстағы жаңа зертхананың жұмысын ескере отырып, 10 мыңға дейін тест жүргізуге болады, – деді Жеңіс Қасымбек.

COVID-19 бар-жоғын анықтайтын ПТР зерттеуінен басқа қазіргі заманғы зертханада Siemens анализаторы орнатылған. Ол иммуноглобулиндерді G және M оқшаулау арқылы КВИ анализін жүргізуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, мұнда коронавирустық инфекцияға жедел тест жүргізіледі. Сынақ пациент дерттің өткір кезеңінде екенін немесе антиденелердің дамығанын көрсетеді.

– Бұл – әлеуметтік зертхана. Бағалар халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болады. Мемлекет бізге үй-жай берді. Біз жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Siemens және Beckman Coulter сияқты әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтарын орнаттық. Біздің техникамыз клиникалық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бізде толық автоматтандырылған ПТР-зертхана бар, – деді Sanguis компаниясының директоры Қарлығаш Сыдықова.

Зертхана мемлекеттік тапсырыс бойынша да жұмыс істеуге дайын.

Айта кету керек, зертхана әдеттегі иммуноферменттік және барлық клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізеді. Жаңа медициналық мекеменің қуаттылығы – жылына 800 мың зерттеу жасау.

Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау жүйесін коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына дайындау аясында аймаққа үш жылжымалы медициналық кешен келді. Абай, Осакаров және Жаңаарқа ауданының орталық ауруханаларының директорларына кешен кілті табысталды.

– Аймақ КВИ-дің екінші толқынына дайындалуда. Қосымша төсектер ашылып, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы жақсарды. Бұл кешендер дәрігерлерге, әсіресе шалғай елдімекендерге жақсы демеу болады. Егер, карантин енгізілсе, шығу шектеледі. Ал, бұл ЖМК жергілікті жерлерде жұмыс істей алады және ауыл тұрғындарына көмектесе алады, – деп атап өтті облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гамаль Тоқсамбаев.

Мобильді диагностикалық медициналық кешен көшпелі жағдайда зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Кешен арқасында медицина бригадалары енді скрининг, тексеру және кәсіби тексеру жүргізу үшін шалғай елді мекендерге барып, сол жерде қажетті медициналық көмек көрсете алады.

Жылжымалы медициналық кешендер Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында өндірілді. Машина шанағында термо, шу және діріл оқшаулағышы, су өткізбейтін едендік жабын бар. Сондай-ақ, ЖМK қолды зарарсыздандыруға арналған электр сорғымен және диспенсермен жабдықталған.

Арнайы автомобиль цифрлық жабдығы бар жеті кабинеттен тұрады. Жалпы қабылдау кабинеті, жалпы тәжірибе дәрігерінің аймағы, талдауларды қабылдау бөлімі, акушер-гинеколог, функционалдық және сәулелік диагностика кабинеттері, дәріхана пункті бар.

ЖМК-де рентген және флюорография жасауға болатын қорғасын бөлмесі бар. Сонымен қатар, кешен мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдау үшін пандус-лифтімен жабдықталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button