Бас тақырыпБасты тақырып

544 мың қазақстандық мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы алады

2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) алушылардың саны 544 мың адамды құрады. Жыл басынан бері бұл төлемдерді қаржыландыруға республикалық бюджеттен 382 млрд теңге бөлінді.

Сурет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, МӘЖ мөлшері мүгедектік тобы мен себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген күнкөріс минимумының көлеміне байланысты белгіленеді.
1 қазанға қарай мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 78 267 теңге болды.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері:
• 110,3 мың адам – мүгедектігі бар баланы күтуге арналған жәрдемақы алды (жалпы сомасы 59,9 млрд теңге);
• 51,6 мың адам – бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды күтуге арналған жәрдемақы алды (жалпы сомасы 29,8 млрд теңге).

Мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады.
Бұл төлемдер мөлшері әр азаматтың әлеуметтік аударымдары мен табысына қарай жеке есептеледі және еңбекке қабілеттіліктен айырылу деңгейі мен жүйеге қатысу өтіліне байланысты айқындалады.

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 98 мыңнан астам адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды.
Төлемдердің жалпы сомасы 38,9 млрд теңгені құрады, ал 1 қазанға қарай бұл әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 72 087 теңге болды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button