Қала басшысы Қайрат ҚАМЗИННІҢ төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауын талқылау мақсатында ZOOM форматында жиналыс өтті.
Жиынды ашқан қала басшысы Қайрат Амангелдіұлы Президент Жолдауы мазмұнының тереңдігіне тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтетін Президент Жолдауының өз ерекшелігі бар екендігін айтып, елдің игілігіне бағытталған басты құжатта ел өміріне қатысты салмақты дүниелер мен әлеуметтік салаға қатысты маңызды жаңалықтар жария етілетіндігін тілге тиек етті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда үстіміздегі жыл елдің тыныс-тіршілігіне аса ауыр кезең болып келгендігін, індеттің экономиканың барлық саласына тежеу болғанын атап өтті. Десекте, дер кезінде қабылданған шұғыл шешімдер мен ортақ мүдденің арқасында аса қатерлі сәттерді еңсере алдық. Тың жүйе талаптарын қамтыған тарихи құжат баршамызға маңызды міндеттер жүктеп отыр, – деді шаһар басшысы Қайрат Қамзин.
Сондай-ақ, қалалық білім бөлімінің басшысы Г.Қасымова, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Жүсіпов, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Р.Ахметова, № 1 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Хизирова, қалалық орталық аурухананың дәрігері Н.Эшанқұлов өз ойын ортаға салды. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау жолында қалыс қалмай, нақты еңбек арқылы қолдау білдіруге шақырды.
Нұрдос КӘРІМ.
ПРИОЗЕРСК қаласы.